Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалаға қалың қар жауды, осыған орай Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті

Алматының жастар ресурстары орталықтарының еріктілері қарт адамдардың үйлері маңындағы және аулаларындағы қарды тазалады. Қар тазалау шарасына 30-ға жуық  ерікті қатысты.

Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының 200-ден астам белсенділері мен қалалық еріктілер ұйымдарының мүшелері коммуналдық қызметкерлерге қаланы қардан тазарту жұмыстарына көмектесіп, қолдау көрсетті. Жас отандықтар оларға ыстық шай ұйымдастырды.

Таңнан бері қарай қаланы қардан тазарту жұмыстарына 1653 жол жұмысшысы, 653 техника бірлігі, оның ішінде 205 құм лақтырғыш техника  жұмылдырылды.