Әдебиет • 01 Наурыз, 2021

Балалар кітапханасы жаңартылды

38 рет көрсетілді

Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша кі­тапхана жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасын табуда. Былтырғы жылдан бері оңтүстік шаһарда 10 кітапхана жөндеуден өт­кені белгілі. Бүгінде қа­ла­дағы 25 кітапхананың 16-сы жаңа форматта жұ­мыс істеуде.

Осы орайда  негізі 1936 жы­лы қаланған И.Крылов атын­дағы балалар кітапханасы да заманауи сипатқа еніп, мұнда оқырмандар үшін түрлі үйір­ме­лер мен презентациялар өткі­зуге ар­налған бөлмелер пайда­лануға берілді.

Алматының әкімі Б.Са­ғын­­таев Instagram-дағы парақ­­шасында да қаланың Әуезов көше­сіндегі 175-ғимаратта ор­налас­қан И.Кры­­лов атындағы қала­лық бала­лар кітапханасының ауқым­ды жөндеу жұмысынан кейін қайта ашылып, заманауи әрі жайлы оқу залдары мен түрлі үйір­мелердің жұмыс істейтіндігі жайында жазды.

Бүгінде кітапхана қоры 142 мыңнан астам кітаппен то­лық­­қан. Кітапханада қызмет көр­сетудің жаңа үлгісі көптеген іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге, сонымен қатар оқыр­ман­дар санын 250 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік бе­­ре­ді. Осы мақсатта, қазақ хал­­­қы мен еліміздегі өзге этнос­тар өкілдерінің тарихын, мә­де­­­­­ниетін, салт-дәстүрін на­си­ха­т­­­­­­тауға бағытталған «Алтын ша­­ңырақ» орталығы қызмет ететін болады. Қолданыстағы үйір­мелерге қосымша қазақ ті­лі, шахмат, домбыра ойыны, ақ­параттық-компьютерлік са­уат­­тылық мектебі, креативті шы­­­­ғар­машылық клубы, «Жас ға­лым» клубы, «Оқимыз, үй­ре­неміз, ойнаймыз» үйірмесі балалар мен жасөспірімдер үшін рухани-мә­дени шаралардың ор­талығына айналмақ.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Дамудың сенімді іргетасы

Қазақстан • Кеше

Іні-досқа ілтипат хат

Руханият • Кеше

Ақтөбеде карантин жеңілдеді

Коронавирус • Кеше

Ертең ауа райы қандай болады?

Қазақстан • 23 Қазан, 2021

9 су қоймасы салынады

Экология • 23 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар