Әлем • 02 Наурыз, 2021

Басқа басылымдардан: Әлем жаңалықтарына шолу

145 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Басқа басылымдардан: Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ Жамал Хашшоги ісін қайта тергейді

Сауд Арабиясы АҚШ-тың журналист Жамал Хашшогиді өлтіру жөніндегі тапсырыс­ты мемлекеттің ханзадасы Мохаммед бин Салман берді деген айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Саудиялық журналист Жамал Хашшоги 2018 жылы Сауд Арабиясының Ыстанбұлдағы консулдығында өлтірілген болатын. Осыған байланыс­ты АҚШ үкіметі журналист Сауд Арабиясының лауазымды тұлғаларының «тапсырысымен» өлтірілді деген пікірін білдірді. Өткен аптада Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі айыпты теріске шығарып, ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Байден әкімшілігі ко­роль­­дікті кісі өліміне қатыс­ты жа­­уапкершілікті өзіне алу­ға ша­­қырады. Бұл оқиғаға бас­қа мемлекеттер мен бірқа­тар ха­лық­аралық ұйым алаңдау­шылық танытқан-ды. Мәселен, Ұлыбритания бұл істің түбегейлі зерттеліп, тергелуі керектігін, оған қоса, осы өлімге қатысты деген күдікке ілінген 20 лауазымды тұлғаға санкция жариялайтынын мәлімдеді.

БҰҰ-ның соттан тыс мәсе­лелер бойынша арнайы өкілі Агнес Калламард әлеуметтік желі­дегі парақшаларының бірін­де АҚШ-тың дайындаған құ­жаты Сауд Арабиясы үкі­ме­тінің бұл оқи­ғаға қатысы ба­рын жоғары деңгейде дәлелдеді деген пікірімен бө­лісті. «Енді АҚШ үкіметі де бұл қылмысқа қатысты жауап­кершілік танытып, келешекте халықаралық механизмде осындай қылмыстың алдын алып тиісті жазасын беруде өз ор­­нын табуы тиіс. АҚШ Мохам­мад бин Салман хан­задаға санк­ция жарияласын», дейді өкіл. Бұл мәлімдеме Байденнің сау­диялық ханзадаға қатысты тақ­қан айыбынан бір күннен кейін жарияланды.

Ханзада болса, қылмыс әшке­реленген күннен бері бұл оқиғаға қатысты жауапкершілікті алатынын, алайда оған «тапсырыс бермегенін» мәлімдеді. Деген­мен, жауапты тұлғалар журналист өліміне қатысты 8 адамды тапқанын хабарлаған-ды. Үкімет олардың кім екенін әлі ашып айтпады.

Доминикан шекарасын шегендейді

Доминикан Республикасы шекарасын шегендегісі келетінін хабарлады. Ел президенті Луис Абинадер Гаитимен шектесетін аймақты нақтылап, екі арада шекара тұрғызғысы келетін ниетін білдірді.

Ресми ақпарат бойынша, атал­ған жердегі аймақ 380 шақы­рымды құрайды екен. Президент бұл шешімін арадағы заңсыз көші-қонға нүкте қойып, машина ұрлау мен есірткі тасымалын тоқтату қажеттігімен түсіндірді.

Абинадер шекара шегендеу жұмысы биылдан қалмайтынын мәлімдеді. Екі ел Кариб аралдарын бөлісіп отыр. Ал Гаити – сол аймақтағы ең кедей мемлекет. Екі ел арасындағы қатынас әуелден шие­ле­ніске толы. «Алдағы екі жыл ішінде көршілес елдер ара­сындағы мәселелерге нүк­те қойып, ұрланған заттар, есірт­кінің тасымалын тоқтатуға күш сала­мыз. Арадағы проблемалы аймақ­тарда екі қатарлы шекара салынады. Сонымен қатар ондай жерлерге камера орнатуды жоспар­лап отырмыз», деді президент.

Жоба құны әзірге белгісіз. Дегенмен Доминикан үкіметі жобасын дайындап, шекара белгі­леу бойынша жұмысқа кірісіп кет­кен.

Екі ел арасындағы шиеле­ністер, негізінен осы көші-қон мә­се­лесіне қатысты туындайды. Доминикан Республикасы хал­қы­ның саны – 11 миллион. Дегенмен, ондағы заңсыз жүр­ген Гаити азаматтарының саны миллионға жетіп жығылады. Биыл қаңтарда До­миникан үкі­меті Гаи­ти үкі­метінен елден жы­рақта жүр­ген аза­маттарына ар­найы құ­жат бе­ріп, бұл мәселені бақы­лауы­на алуды тап­сырған еді.

2015 жылы Гаити Доминикан Республикасынан мыңдаған азаматын жоспарлы түрде елі­не қайтару бағдарламасын тоқ­татуды сұраған болатын. Ал өз Отанына оралуды қаламайтын адам­­дар екі ел шекарасында ла­герь­лер құрып, сол жақта өмір сүретін. Бұл мәселенің ше­шімі табылмай жүргеніне 100 жыл­ға жуық уақыт өтті. Доми­ни­кан­дықтардың ендігі үміті – жаңа жос­парда. 

 

Дайындаған

Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»