Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 наурыз-Алғыс айту күнімен «Қала жолдары» қызметкерлерін құттықтады. Мекеме еріктілері мен этномәдени бірлестік өкілдері «Қала жолдары» қызметкерлеріне ыстық шай мен тәттілер сыйлады. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйел адамдарға естелік сыйлықтар да ұсынылды.
Көктемнің алғашқы мерекесінде медицина қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Этномәдени бірлестігінің төрағалары және Достық үйінің мамандары Маңғыстау облысы ауруханасы мен облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне естелік сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 26 жыл толуына орай Ақтаудағы ұлттық ұланға қарасты «6656» әскери бөлімінде мерекелік салтанатты жиын өтті. Сондай-ақ Ақтау қаласындағы қарттар үйінде «Этнобұрыш» ашылды. Онда қазақтың ұлттық киімдері мен тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды.