Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны 2 мыңға жуық мұғалім салдырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, вакцина салдыратын мұғалімдердің тізімін ұсыныпты.

«Атырауға ертең, 4 наурызда «Спутник V» вакцинасының 2 000 дозасы жеткізіледі. Ал, 15 наурызда тағы да 3 600 доза жеткізу көзделіп отыр. Бірінші кезекте дәрігерлер, мұғалімдер және басқа да санаттағы қызметкерлер екпе алады. Мәселен, 22 ақпаннан бері Атырау облысында медицина қызметкерлерінің екінші компонентімен вакцинация жүргізілуде. Қазір 775 адам екпе алды. Ал, 225 адамға вакцина кесте бойынша кезекпен салынады», деді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, білім беру саласының қызметкерлерін вакцинациялауды 9 наурызда бастау жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15