Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Алматы тауларында адасқан туристер табылды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқару қызметіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісі 2 ақпанда сағат 17:30-да 109 Көкжайлау тауларында 4 адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тауларында адасқан туристер табылды

Шұғыл шешім қабылданып, оқиға орнына Алматы қаласы Құтқару қызметінен құрамында 8 адам, іздеу итімен бірге 1 кинолог және Төтенше Жағдайлар министрлігіне тиесілі РЖҚЖ  15 құтқарушы,  іздестіру итімен бір кинолог жұмылдырылады.

Іздестіру-құтқару жұмыстары аясында, ұялы байланыс операторларының қол жетімді аймағында болған сәтте туристер байланысқа шығып, оларда бәрі жақсы екенін және көлбеу бағытта жүретін жол тапқандары жайында хабарлаған. 

Алайда тәуліктің қараңғы уақыты мен соқпақ бойымен қиын қар мен мұздың түсуі, туристердің жарақат алуына әкелуі мүмкін екенін ескере отырып, құтқарушылар 4 адамнан тұратын, 109 Қызметінің бір тобын кездесуге жіберіп, оларды қауіпсіз жерге шығарып салуға шешім қабылданады.

Құтқарушылар теңіз деңгейінен 2050 метр биіктікте «Просвещенец» шипажайы аймағында адасқандармен кездесіп, барлығының жағдайымен танысып, оларды бұлақ жанында күтіп тұрған көлікке дейін шығарып салды.

Іле Алатауының тауларындағы қайғылы оқиғалардан кейін, туристер адасып, құтқарушылармен және туыстарымен байланыс үзіліп,  қайтыс болған сәттердің орын алғанына байланысты Алматы қаласының құтқарушылары қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына қауіпсіздіктің техникасын әрдайым сақтауды ескертіп, тауға көтеріліп, кері түсетін уақытты алдын-ала жоспарлауды сұрайды.