Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі. Жалпы ауданы 2 мың 16 шаршы метр спорт нысанының жалпы құны -  312,9 млн теңге болады.

Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі

Құрылысы аяқталуға жақын қалған жабық теннис кордын бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аралап көріп, мердігер компанияның басшыларымен кездесті. Аймақ басшысы одан кейін кеншілер қаласында жаңа салынып жатқан «Алақай» спорттық ойын-сауық саябағына барды. Бұл жобаны іске асыруға «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында 150 млнтеңге мөлшерінде қаржы бөлінген. 1400 мың шаршы метрлік жерді алып жатқан жобаның жалпы құны 430 млн теңге. Облыс әкімі Лисаков қаласының басшысына қалада жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.

У

Архимед Мұхамбетов Лисаковтан қайтар жолда Бейімбет Майлин ауданына ат басын тіреп, бұрынғы Тобыл колледжінің ғимараттарына барды. «Колледж базасында мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектеп ашу жоспарлануда. Бұл мектепке 130 оқушы сияды» - деді облыс әкімі.