Оңтүстік Қазақстан • 04 Наурыз, 2021

Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған

1546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өмірін ұстаздық жолына арнаған, сол уақыт ішінде қаншама шәкіртінің жүрегіне туған тілінің құдіретін, ұлтының үнін сіңірген, талай дарынды шәкірттері биік белестерден көрінген ардақты мамандық иесі - Мафруза Әділбекова. Мафруза Үсенқызы Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған

 

2000-2018 жылдар аралығында жемісті еңбек еткен ұстаз үш дүркін республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының жүлдегерлерін дайындады.

Республиканың педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы аясында үш айлық курсын аяқтап, І (ілгері) деңгей сертификатын, педагог – шебер біліктілік санатын иеленген. «Үздік педагог - 2020» конкурсына қатысқан ұстаз жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларды дамытудағы нәтижелері, білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін Шымкент қаласы білім басқармасының 1 орын дипломымен марапатталды.

Осы және өзге де еңбектері үшін Мафруза Әділбекова екі рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен, сондай-ақ құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталған.