Спорт • 05 Наурыз, 2021

Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим күресінен Италияның астанасы – Римде өтіп жатқан Маттео Пеликоне мемориалының алғашқы күні Қазақстан құрама командасы жеті жүлдеге иелік етті. Тарқатып айтсақ, 2 алтын, 2 күміс және 3 қолға қол жеткіздік.

Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық

63 кило салмақтың финалдық сайысында Айдос Сұлтанғали мен Сұлтан Әсетұлы өзара күш сынасуға тиіс еді. Алайда жарақатына байланысты Сұлтан боз кілемге шықпады. Нәтижесінде Айдос алтын тұғырға көтерілсе, ол күміс медальді мойнына ілді.

67 кило салмақтың жартылай финалында Алмат Кебісбаев пен Мейіржан Шермаханбеттің жолдары қиысқан еді. Бұл тартыста жастар буыны өкілінің мерейі үстем болды. Ақтық айқаста мажарстандық Мате Красзнайды 12:2  есебімен тас-талқан еткен Мейіржан бас жүлде үшін таласса, үшінші орын үшін бәсекеде Алмат түркиялық балуанға тізе бүктірді.

55 кило салмақ дәрежесінің финалында ресейлік Александр Ведерниковтан ұтылған Қорлан Жақанша күміс медальді еншілесе, 60 кило салмақта Жансерік Сәрсенбиев қолаға қол созды. Шешуші тұста ол АҚШ өкілінен айласын асырды. Ал 97 кило салмақта бақ сынаған Олжас Сырлыбай чехиялыө спортшыға соқыр ұпай да ұстатапай қола медальді олжалады.