Аймақтар • 07 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?

2021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WhatsApp желісінде адамдардың кептеліп, 5 қабаттан құлағаны туралы видео таралып жатыр. Оқиға Нұр-Сұлтанда болды деп жазылған. Бұл шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады Stopfake.kz.

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?

Бейнежазбаның басында «Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналарға 8 наурыз құрметіне 17 доллардан беріледі» деп жазылған.

«Назар аударыңыз! Видеода қаза тапқан адамдар көрсетіледі. Кадрда бір топ адам көпқабатты ғимараттың жоғарғы қабатында келе жатыр. Адамдардың салмағын көтере алмаған дәліз таяныштары қирап, бірнеше адам төменге құлаған. Бұл қайғылы оқиға Боливияда Эль-Альто университетінде болған. Экономика, қаржы және әкімшілік ғылымдар факультетінің студенттері жиналысқа бара жатқан. Оқиғаның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Видеоның Нұр-Сұлтанда түсірілгені туралы мәлімдеме – фейк. Оны видеодағы адамдардың не қазақша, не орысша сөйлемейтінінен де байқауға болады», деп түсіндірді Stopfake.kz.