Energyprom.kz мәлім еткендей, 2021 жылдың қаңтарында 5,5 мың тонна шоколад пен басқа да тәттілер әзірленді. Бұл алдынғы жылға қарағанда 26,4%-ға едәуір аз.
Аймақтық контекстте өндірістің жалпы көлемінің 94,1% үш өңірдің үлесіне тиесілі: Алматы қаласында (3 мың тонна, бір жылда минус 24,4%), Алматы (1,1 мың тонна, минус 0,5%) және Қостанай облыстарында (1,1 мың тонна, минус 47%).
Сарапшылардың бағалауы бойынша ішкі нарықта 163,9 мың тонна шоколад сатылды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз. Қазіргі уақытқа дейін елдің әрбір тұрғынына 8,7 келі шоколад болса, ал кондитерлік өнімдер айына 724 граммнан әзірленді.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізге 71,1 млн долларға 39,2 мың тонна какаосыз, яғни қанттан әзірленген кондитерлік өнімдер жеткізілді. Өсім нақты мәнде 9,5%, қаржылай 0,1%-ды құрады.
Импорттың негізгі бөлігі (87,7%) ТМД елдеріне тиесілі екенін атап өткен жөн. Соның ішінде негізгі жеткізушілер – Ресей, Украина және Өзбекстан. Қалған 12,3% әлемнің басқа елдерінде тіркелді.
Елімізге шоколад пен құрамында какао бар дайын өнімдерді 173,3 млн долларға, яғни 62,7 мың тонна жеткізілді. Импорттың төмендеуі 8,1%-ды, ал ақшамен есептегенде жылына 5%-дан асып жығылады. Мұнда да импорттың көп бөлігі ТМД елдерінен келеді (89,6%)
Осы жылдың қаңтар айында кондитерлік өнімдер алдынғы жылға қарағанда 7,8%-ға қымбаттады. Соның ішінде карамель – 6,2%-ға, шоколадпен глазурленген кәмпиттер – 8,2%-ға, шоколадтың бағасы – 8,1%-ға артты.
Ақпан айында елдегі қалалардың дүкендері мен глазурленбеген шоколад кәмпиттерінің бағасы 1,2 мың теңгеге жуықтады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық.
Қазақстанның ірі қалаларының ішінде тәттілердің ең қымбаты – Ақтауда (1,4 мың теңге), ал ең арзаны – Ақтөбеде (1,1 мың теңге) тіркелген.
Рабиға МҰРАТ