Видеода аяқ киімдегі әйелдің құртты аяққпен таптап, әбден езгілеп жатқаны сәті түсірілген. Әдетте іркітті қайнатқан соң құрт езбесі дайын болады. Оны белгілі бір пішінде қатыру үшін тұз қосып, жақсылап араластыру қажет. Ондай жұмыстар арнайы жерде, әрі таза құралдармен жасалынады. Ал видеодағы әйел мұндай талаптардың бірін де сақтамаған.
Тағы бір видеода бірнеше адамның антисанитарлық жағдайда еденде құрт дайындап жатқанын көруге болады. Бұл видеолар әлеуметтік желілерде тез тарады және көрермендер арасында наразылық тудырды.
STV хабарлағандай, оқиға Өзбекстанның Самарқанд облысында болған.
Видео жарияланған соң Sevimli арнасы құрт дайындалған жерді тауып алып, арнайы репортаж әзірлеген. Видеодағы әрекеттер Самарқанд облысының Иштыхан ауданының махаллаларының бірінде болғаны анықталды. Олар құртты істеп, Өзбекстан базарларына сатумен айналысып келген.
Кейін СЭС қызметкерлері нормалар сақталмаған жағдайда дайындалған құрттың бүкіл партиясын жойды.