Өнер • 10 Наурыз, 2021

Кенептегі көшпенділер әлемі

459 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі график-суретші Батухан Байменнің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған NOMADS атты жеке көрмесі ашылды.

Кенептегі көшпенділер әлемі

Батухан Баймен өз шығар­ма­­шы­лығында мәңгілік құн­ды­лықтарға үндеу жасайды, қам­­ти­тын тақырыптарының ауқымы кең. Тек елімізде ғана емес, алыс шетелдердегі өнер сүйер қауым да оның қолтаңбасын ерекше ба­ға­лайды. Суретші Қазақс­тан­ның көне және жаңа тарихына тоқтала отырып, туындыларында ежелгі түркілердің тарихын, көшпенділер әлемін, сондай-ақ адам мен оның өмірі және тағы көптеген тақырыптарды бейнелейді. Шығармаларының өзін­дік құрылымын метафо­ра­лық, символикалық немесе аллегориялық сюжеттермен жасайды. Сөйтіп, әр тақырыпқа ерекше көркем-бейнелік тіл табады. Мысалы, «Түркілер» (2015), «Көшпенділер», «Ұлы дала», «Абылай ханның түсі», «Соңғы ойын», «Тоқырау» (2018), «Зұлмат», «Ұмай ана», «Оспан батыр», Соңғы Nomad (2019), «Атақ қуалау», «Жеңімпаз», «Табыну», «Самғау» (2020), «Аң стилі» (2021) топтамаларында ол драмалық оқиғалар мен ащы шындыққа толы әлемге қа­рай­тын бақылаушының өткір, се­зімтал және ақылды көзқа­ра­сын бейнелейді. Әрбір парақ ком­позициялық құрылымы жа­ғынан үйлесімді, мазмұны тұр­ғы­сынан терең мағынаға толы, оларда халықтың рухы бар. Со­ны­мен қатар суретші Абай Құнанбаев, Шыңғыс Айтматов, Әлішер Науаи шығармаларына көңіл бөліп, түркі халықтары философиясының бірегейлігін зерделейді.

Суретші шығар­ма­шы­лы­­ғында з­аманауи бейнелеу өне­ріндегі жаңа тенденциялар­ды ұстана отырып, ата-баба­ларымыздың көшпелі мә­де­ние­­тінің баға жет­пес мұ­ра­­сы­нан шабыт алады. Оның гра­­­фикалық туындыла­ры ауқым­­дылығымен, ой кемел­ді­­­­лігімен, бірегей дала бояуы­мен ерекшеленеді. Көрмеге су­рет­шінің 77 графикалық жұ­мысы қойылған. Бұл жаңа жұ­мыстар мен соңғы онжыл­дық­тағы таңдаулы туындылар, – дейді көрме жетекшісі, өнертанушы Самал Мамытова.

Баймен Батухан Әбді­ке­рімұлы 1955 жылы 17 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Абай ауылын­­да дүниеге келген. 1977 жылы Шымкент педагогикалық институтының көркемсурет-графика фа­культе­тін тәмам­да­ды. Өз еңбек жолын Ә.Қас­теев атындағы көркемсурет кол­лед­жін­де мұғалім болып бастап, бү­­гінде Оңтүстік Қазақтан өңі­­­рінде түрлі лауазымды қыз­мет­тер атқарып, жемісті еңбек етіп келеді. 1989 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Ол көптеген республикалық, одақтық, халықаралық көрме­лер­дің қатысушы. Суретшінің жеке көрмелері еліміздің ірі қа­ла­ларында, сонымен қатар Гер­ма­ния, Түркия, Қыр­ғыз­стан, Өзбекстан, Кипр мем­ле­кет­терінде өтті.

 

АЛМАТЫ