Технология • 10 Наурыз, 2021

Цифрландыру көлеңкелі кәсіпті тежейді

206 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда алкогольді өнімдерді цифрлы таңбалаудан өткізуге арналған қанатқақты жоба қолға алынып, оған 3 қазақстандық өндіруші мен 4 импорттаушы қатысып жатыр. Бұл туралы Цифрлы экономиканы дамыту орталығы хабарлады.

Цифрландыру көлеңкелі кәсіпті тежейді

Нақты айтқанда, Data Matrix кодымен 1700-ден аса отандық және шетелдік алкогольді өнім таңбаланды. Бұл кодты білу үшін тиісті өнімдер Тауарларды таңбалау мен қадағалау ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) енгі­зі­леді. Онда өндіруші, импорттаушы, тауар партиясының сериялық нөмірі туралы цифрлы ақпарат пен оны қадағалауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтер қамтылған. Орта­лық мамандарының айтуынша, Data Matrix кодында криптоқорғаныс тетігі қарастырылғандықтан, оны қол­­дан жасау мүмкін емес. Демек, әр өнімді өндірушіден тұтыну­шы­ға де­­йін жетуін қадағалап, контра­фак­ті­лік тауарды алдын алуға жағдай қарас­­тырылып отыр.

Алкогольді өнімдерді таңбалауға байланысты қанатқақты жоба биыл 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазір бұл жобаға «Көкшетау минерал­ды сулары», «Бахус», «Натур продукт» зауыттары, сондай-ақ «Перно Рикар Қазақстан», «Альди и К», «Қазақстан Вайн энд Спиритс» және «Мартини Бакарди» сынды импорттаушы компаниялар қатысуда.

«Алкогольді өнімді таңбалаудың өз ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, әр тауардың есеп-бақылау маркасы (ЕБМ) бар. Қазір Data Matrix кодын соларға енгізудеміз», деді Цифр­лы экономиканы дамыту орта­лы­­ғының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Қазақстанда осы нарықтың бар­лық қатысушыларына міндетті цифр­лы таңбалау 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына енгізіледі деп жос­пар­ланып отыр. Осы арқылы құзырлы органдар көлеңкелі айналымды қыс­­қар­­туға қатысты проблемаларды жү­­­йелі түрде шешуді көздесе керек. Неге десеңіз, сарапшылардың бол­­жамын­ша еліміздегі көлеңкелі ал­ко­­голь нарығы шамамен 25%-ды құ­рай­ды.

«Баспасөз беттерінен контра­фак­тілік алкоголь жайлы ақпаратты жиі еститініміз жасырын емес. Мысалы, таяуда Алматы облысының аума­ғында жасырын арақ зауыты әшке­ре­ленді. Дәлірек айтқанда, есеп-бақы­лау маркалары қолдан жасалған 170 мың бөтелке анықталып, олардың сертификаты жоқ екені белгілі болды. Яғни бұл өнімдер адамның ден­сау­­лығына қауіпті. Мұндай жағдай аз емес. Сондықтан цифрлы таңбалау жасырын өндірушілермен күресте маңызды қадам саналады. Себебі ол қол­данысқа енгізілген бойда қолдан жа­салған өнімді бөлшек саудаға тү­сіп кетпеуін тежеуге болады», деді Цифрлы экономиканы дамыту орта­лы­­ғының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Бұл орайда тауарларды таңбалау Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында іске асырылып жат­қан халықаралық жоба екенін айта кет­кен орынды. Былтыр респуб­ли­када қазаннан бастап, бірқатар темекі өніміне міндетті таңбалау енгізілді. Жуырда аяқ киімді таңба­лау­ға қатысты қанатқақты жоба аяқ­тал­ды. Қазір фармацевтикалық пре­па­рат­тарға, сүт өнімдері және жеңіл өнеркәсіп тауарларын цифрлы таң­балауға байланысты жобалар қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар