Парламент • 12 Наурыз, 2021

Сенатта органикалық өндіріс саласын дамыту мәселелері талқыланды

157 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде органикалық өндіріс орындары неге дамымайды? Салаға қандай заңнамалық қолдау қажет? Бұл салаға халықаралық тәжірибе қалай серпін бере алады? Бүгін Сенатта органикалық өнім өндірісін заңнамалық реттеуге арналған кездесуге қатысушылар осы және осыған қатысты өзге де мәселелерді талқылады.

Сенатта органикалық өндіріс саласын дамыту мәселелері талқыланды

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері, бірқатар министрліктердің басшылары, ғылым, қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері осы мәселе бойынша өздерінің сараптамалық пікірлерін ортаға салды.

Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу, өндірісі мен айналым ережелерін, сондай-ақ оны өндіруде қолданылатын рұқсат етілген құралдардың тізімін белгілейтін "Органикалық өндіріс туралы" заң 2015 жылы қабылданған болатын. Алайда, салалық комитеттің өкілі Әли Бектаевтың айтуынша, бұл бағыт әлеуеті мен перспективаларына қарамастан, тиісті деңгейде дами алған жоқ.

«Негізгі проблемалардың бірі осы саладағы заңнаманың жетілдірілмеуі, органикалық өнімді және оны өндіруді сертификаттаудың ұлттық жүйесі мен органикалық өнімді бірыңғай таңбалау институтының болмауы болып отыр. Осы және басқа да факторлар саладағы бизнесті дамытуға ниет білдірушілерге тұсау болуда», деді Әли Бектаев.

Сенатор Ақылбек Күрішбаев өз кезегінде органикалық өндіріс жөніндегі ЕО регламентімен және басым өткізу нарықтарының шетел мемлекеттерінің стандарттарымен баламалы ұлттық стандарттарды әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«Органикалық өнім өндірісі мен айналымын есепке алу мен қадағалаудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу, Қазақстанның органикалық өндірісінің бірыңғай интернет-порталын құру, органикалық өсімдік шаруашылығына жарамды тұқымдар мен отырғызу материалдарының тізілімін жасау қажет», деді Ақылбек Күрішбаев.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Нұрбек Дайырбеков қазір органикалық өнім өндіру және оның айналымы саласындағы ұлттық заңнаманы жақсарту, атап айтқанда, ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық таза органикалық өнімнің сәйкестігін растау және бақылау жөніндегі ұлттық органдарды құру және тіркеу жөніндегі шаралар пысықталып жатқанын айтты.

Сауда және интеграция министрінің орынбасары Ержан Қазанбаев органикалық өнімдерді техникалық реттеу және экспорттау мәселелері туралы кездесу қатысушыларға айтып берді. Ол сондай-ақ қазақстандық брендтерді нысаналы нарықтарға ілгерілету жөніндегі жұмыстар туралы және органикалық өнім өндіру процестерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту жөніндегі шаралар туралы есеп берді.

Дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстар кейіннен мүдделі тараптарға жіберілетін ұсынымдарда көрініс табатын болды. Сенат депутаттары сонымен қатар ағымдағы жылы органикалық өнім өндіру мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлеу жөнінде бастама жасауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45