1962 жылы осы күні АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Фицджеральд Кеннеди АҚШ конгресінде тарихи сөз сөйледі. Сонда ол бірінші кезекте «тұтынушы» ұғымын анықтап, бөлінбейтін төрт құқықты атап өтті. Солардың қатарында ақпарат алу құқығы; тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік құқығы; конкурстық негізде тауарлар мен қызметтерді таңдау құқығы туралы тілге тиек етті.
1960 жылы әлем бойынша тұтынушылардың тәуелсіз, саяси емес, коммерциялық емес бірлестігі – Тұтынушылар қауымдастықтарының халықаралық ұйымы (Consumer International, CI) құрылды. 1985 жылдан бастап Тұтынушылар кодексі тағы төрт постулаттармен толықтырылды: жәбірленушіге билік ету құқығы; тұтынушыларға білім беру құқығы; негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы және сау қоршаған орта құқығы.
Рабиға МҰРАТ