Осы орайда Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясына қарсы препараттарға шекті баға қоюдың ерекше тәртібі көзделіп отыр. Яғни, көтерме және бөлшек саудада маркетингтік шығыстарсыз, үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес дәрілердің тізімі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына жіберіледі.
Дәрілік заттарды сараптау орталығы бас директорының орынбасары Ержан Жүнісовтың айтуынша, бұл тізімдегі дәрілік препараттарға сұраныс көп болғандықтан, көтерме және бөлшек саудада 30 пайыз мөлшеріндегі маркетингтік шығыстар алып тасталған. Сондай-ақ, көтерме және бөлшек үстеме баға екі есе төмендеген. Егер де бұрын көтерме үстеме баға 20 пайызға жеткен болса, онда антиковидті препараттар үшін тиісінше 10, егер бөлшек үстеме баға 55 пайызға дейін жеткен болса, антиковидті препараттар үшін 27 пайызға төмендеген. Мысалы, Кардиомагнил 75 мг №30, 75 мг №100, 150 мг №30 препараты үшін бөлшек үстеме баға 22,5 пайызды, ал Кардиомагнил 75 мг №100 препараты 17,5 пайызды құрайды. Осылайша, барлық антиковидті препараттарға арнайы тәртіп қолданылатын болады.
Қазақстан аумағында дәрілік заттардың бағаларын реттеу жөніндегі өкілеттіктер Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелген. Ал дәрілік заттарды белгіленген шекті бағадан қымбат сату әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ендігі кезекте қазақстандықтар Dari.kz мобильдік қосымшасының көмегімен дәріханалардағы қандай да бір препараттың бағасын өз бетінше бақылай алады. Егер де препараттардың бағасы жоғар болса, онда арнайы бағанды толтыру арқылы шағым қалдыра алады.
Осы орайда дәрілік заттардың емдік қасиеттері оригинал препаратпен бірдей болып келетін аналогтары бар екендігін, мысалы, кардиомагнил препаратының (белсенді заты ацетилсалицил қышқылы) 23 аналогы, ибупрофеннің (белсенді заты бар ибупрофен) 56 аналогы, сумамедтің (белсенді заты азитромицин) 50 аналогы, ксарелтоның (белсенді заты ривароксабан) 4 аналогы, клексанның (белсенді заты натрий эноксапарин) 2 аналогы бар екенін ескерген жөн.