Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері қайырымдылық акциясын өткізуде

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Гагарин және Қарасай батыр көшелерінің қиылысында 30 түп ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері қайырымдылық акциясын өткізуде

Биылғы Наурыз мерекесін ерекше мазмұнда өткізуге байланысты рухани құндылықтарды, халықтың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған шараларды Қазақстан халқы ассамблеясының, республикалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері де ерекше жағдайда қарсы алып, көктем мерекесін қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, бейбітшілікті сақтау, қайырымдылықты және этнос аралық қатынастар мәдениетін дамыту, қоғамдағы достық пен сенімді нығайту, елдімекендердің аумақтарына абаттандыру шараларымен жалғастыруды мақсат етіп отыр.

Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қаладағы этномәдени бірлестіктер басшылары Алматыдағы Гагарин және Қарасай батыр көшелерінің қиылысында 30 түп ағаш отырғызды.

Көшет отырғызу ісінің бастамашысы - «Ахыска» газетінің бас редакторы Ровшан Мамедоғлы бұл шараның қаланы көркейтумен қатар айнала қоршаған табиғатқа да, адамзатқа да қайырымдылық, жанашырлық істермен жалғасын табатынын атап өтті. Осы игі шара аясында Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «30 игі іс» жобасы аясында қайырымдылық акциясы өтеді. Оның барысында  көпбалалы және аз қамтылған 30 отбасына азық-түлік себеттері беріледі. Қайырымдылық акциясының бастамашысы  – ҚХА төрағасының орынбасары З. Кузиев.

Игі шаралар Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ҚХА және ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері, студент жастар, Алматы қаласы «Жаңғыру жолы» МД мүшелерінің қатысуымен өтетін болады.