Аймақтар • 20 Наурыз, 2021

Жырдан дауыл тұрғызды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Армысың, әз Наурыз!» атты облыстық деңгейдегі дәстүрлі ақындар айтысы өтті. Жыр додасында Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев қалалары мен Бұқар жырау, Қарқаралы және Нұра аудандарынан келген алты жұп ақын бақ сынады.

Жырдан дауыл тұрғызды

Жас айтыс ақындары жыл басы Наурыздан бастап, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық, тұңғыш заңгер Жа­қып Ақбаевтың 145 жыл­дық жә­не тұңғыш математик Әлім­хан Ер­мековтің 130 жылдық мерейтойларына қатысты тақы­рыпты жырға қосып, айтыстың көрігін қыздырды.

Айтыстың ақтаңгері Аманжол Әлтаев бастаған қазылар алқа­сының шешімімен бас жүлде Қа­ра­ғанды қаласының атынан түс­кен Төрехан Советке бұ­йыр­ды. Бірінші орынды қарқ­ара­лылық Бекарыс Оспанов иеленсе, екін­ші жүлде Доскей Бот­пай мен Нұр­лыбек Төкенге берілді. Бұл екі ақын­­ның екеуі де Бұқар жырау ауда­нының намысын қорғады. Ал үшінші жүлдені Сәтбаев қала­сы­ның ақыны Абзал Мақаш пен Теміртауда тұратын шайыр Жа­нарыс Тілеубек қанағат етті.

Сонымен бірге жекелеген ақын­­дарға арнайы жүлделер бе­рілді. Атап айтқанда, темір­тау­лық Еркеғали Бекболат Әли­хан Бөкейхан атындағы, қара­ғандылық Нұрсұлтан Рымбай, Әлім­хан Ермеков атындағы, Нұра ауданының үміті Жандос Ба­қытұлы Жақып Ақбаев атын­дағы арнайы жүлделерге лайықты деп танылды.

Жас ақындар жыр айтысын Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қар­масы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, сондай-ақ «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-термешілер мектебі ұйымдастырды.

 

ҚАРАҒАНДЫ