Сондай-ақ Г. Марченко Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) басшылығы Өзбекстан ЕДБ-ға мүше болғанын қалайтынын айтты.
«Біз ЕАДБ-да жаңа мүше елдерді көргіміз келеді. Бұл фактор қосымша әртараптандыруға мүмкіндік береді. Осы жылдар ішінде әр түрлі елдер банкке қосылғысы келді: 2011 жылы Қытай, сонымен қатар Түркия, Сербия, Молдова да мүшелікке енуге ниет танытты. Бірақ қазір біз үшін Өзбекстанмен жұмыс істеу маңызды. Желтоқсан айында Өзбекстан Президенті олардың жұмыс істеуге дайын екендіктерін, ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесін алғандықтарын мәлімдеді. Мен Ташкентте қаржы нарығын дамыту жөніндегі конференцияға бардым. ЕДБ басшылығы ретінде біз Өзбекстанның ЕДБ мүшесі болғанын қалаймыз. Бірақ шешімді, әрине, біз қабылдамаймыз», деді Григорий Марченко.
Ол Өзбекстанның ЕДБ-ға қосылуы банк құру кезінде де талқыланғанын еске түсірді.
«Рас, ол құрылған кезде Украина да осы банктің мүшесі болады деп болжанған. Украина дамудың басқа жолын таңдады - бұл олардың құқығы. Ал орталық Азиядағы толыққанды экономикалық интеграция Өзбекстанның қатысуынсыз мүмкін емес», деді Григорий Марченко.
Журналистердің Өзбекстанның ЕДБ-ге кіруі күтілетін уақыт туралы сұраққа сұхбаттасушы нақты күнін атай алмайтынын жеткізді. «Сіз қосылу шарттары Өзбекстанның позициясына, сондай-ақ рәсімдерге байланысты екенін түсінесіз. Біз ешбір жағдайда Өзбекстанды итермелемейміз, бұл олардың тәуелсіз шешімдері. Егер олар қосылып жатса біз өте қуаныштымыз», деп атап өтті Григорий Марченко.
Ол Өзбекстан интеграциясының артықшылықтарын тізіп берді. «Мұның барлығы үшін бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, біз Ресейде және Қазақстанда сәтті құрылымдап, жүзеге асырған көптеген жобалар бар. Өзбекстанда олар қарапайым түрде құрылымдалуы мүмкін. Екіншіден, банктің портфелін әртараптандыру заңды болар еді, өйткені алты ел көп емес. Сонымен қатар жағдайға байыппен қарасаңыз, ЕДБ портфолиосының 97% -ы Қазақстан, Ресей және Белоруссия», деді Григорий Марченко.
Оның айтуынша, Өзбекстанмен трансшекаралық жобалар жасалуы мүмкін.
«Мысалы, Кеңес заманында Орталық Азияда бірыңғай энергетикалық жүйе болды. Кезінде оны бөліп-жарып жіберген. Нәтижесінде бірнеше елдерде проблемалар туындады. Яғни егер теориялық тұрғыдан Өзбекстан ЕАЭО-ға қосылса, бұл сақинаны қалпына келтіру туралы ойлануға болар еді. Бұл аймақтағы электр энергиясын 20%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни ескі интеграцияның барлық схемалары жаман емес. Біз оны көріп отырмыз. Бұл мәселені (интеграция туралы, біртұтас энергетикалық жүйе туралы - Ред.) өзбек бизнесінің өкілдері көтерді», деді Григорий Марченко.
Сондай-ақ ол басқа елдердің ЕДБ мүшелігіне кіруі туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.