Қазақстан • 20 Наурыз, 2021

Халық са­нағын жүргізуге жауапты жұмыс органдары белгілі болды

24 рет көрсетілді

Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінде ұйымдастырылған «Ұлттық халық санағы: ұпай түгенделетін тарихи сәт» атты дөңгелек үстелінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статис­тика бюросы басшысының орынбасары Нияз Көшкімбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Қазақстанда Ұлттық халық санағын 2021 жылдың қазан айының 1-30 күндері аралығында өткізу жоспарлануда. Халық санағын өткізуге дайындық барысы пандемия шектеулерін ескере отырып, жүргізілетін болады. Осы жылғы санаққа жауапты орган – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. Әлихан Асханұлы айтып өткендей, Қазақстан халқының ұлттық санағына дайындық және өткізу жұмыстарына байланысты ұйымдастырушылық, нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері кіреді. Бұл ретте, Стратегиялық жос­парлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қор­ға­ныс, Ішкі істер, Сыртқы істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау минис­трлік­те­рінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі әзір­ле­ніп, бекітілді. Сондай-ақ, осындай іс-қимыл тәртібі жергілікті атқарушы органдармен, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала­лары әкімдіктерінің арасында да ай­қын­далды, – деді Нияз Көшкімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы күз айларында тұтас бір мемлекеттің ішкі болмыс-бітімі, халықтың тыныс-тіршілігі таразыға тартылатын тарихи сәт күтіп тұр. Олай дейтініміз, он жылда бір рет өткізілетін Ұлттық халық санағы еліміз егемендік алғалы бері осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар