Қазақстан • 20 Наурыз, 2021

Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары Н.Назарбаев орталығына барды

292 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін, 17 наурыз күні, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаевтің Австрия, Ирак, Иран, Ливан, Латвия, Мысыр, Пәкістан, Түркия және басқа мемлекеттердің шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары Н.Назарбаев орталығына барды

Кездесу қатысушыларына алғы сөзінде, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, барлық діндер мен конфессиялар арасында әрекеттестік мәселелері бойынша ашық және сындарлы диалогқа ұмтылып, әлемде төзімділік идеяларын жылжытуға барынша ықпалдасып жатқандығын атап өтті.

Өзінің баяндамасында Болат Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы өркениетаралық диалогты күшейту ісінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың біртуар рөлін аса ерекшеледі.

Сонымен бірге, Болат Сәрсенбаев, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың жүйелі саясатының арқасында Қазақстан діндер және өркениеттер диалогының жаһандық орталығына айналып, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша кең және тиімді серіктестікке ашық екендігіне назар аударды.

1

Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Н. Назарбаев орталығының болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Болат Сәрсенбаевтің айтуынша, Н. Назарбаев орталығы жұмыс органы ретінде ҚР Парламент Сенатының Мәулен Әшімбаевтың, сонымен қатар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігі жетекшілігімен ағымдағы жылы XIX Съез Хатшылығы отырысын, сонымен қатар, 2022 жылы өтетін VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізу бойынша белсенді ұйымдастырушылық жұмыс басталғандығын атап өтті. «Алдағы Съез Хатшылығы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты күшейту бойынша Съездің жаһандық күн тәртібін және басты тақырыптарын анықтауға септігін тигізеді»,  деді спикер.

Өз кезегінде, шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары Елбасы Н. Назарбаев және Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың конфессияаралық диалогты күшейтудегі рөлдерін, сонымен қатар, мәдени-ағартушылық мәні бар және бейбітшілік пен келісімді қолдаудағы ортақ жауапкершілік қалыптастыратын халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру маңыздылығын жоғары бағалады.

Кездесуді қорытындылай келе, Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев осы сынды кездесулер бейбітшілік, ниет адалдығын білдіріп, рухани құндылықтарының тереңдігін ашып, ең жоғары адамгершілік қағидаларын – мейірімділік, қайырымдылық және рақымшылдықты – бейнелейтіндігіне сенімділік білдірді. Сонымен бірге, Болат Сәрсенбаев өз сөзінде: «Осы форматтағы іс-шараларды өткізу біздің мәдениеттеріміз, дәстүрлеріміз, діндеріміз және мемлекеттеріміздің болашақта жақындасуына жаңа мүмкіндіктер ашатындығына, бізге тағы да ортақ рухани және адами құндылықтар туралы еске салатындығына сенімдімін».

Сақтық шараларын ұстана отырып, кездесу қатысушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай галереяда орналастырылған фотосуреттермен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар