Наурыз мерекесін Назарбаев Зияткерлік мектептері ерекше жағдайда қарсы алды. Мектептегі биылғы мереке күндерін тіптен тарихи деп атауға негіз бар. Зияткерлік мектептердегі кездесулердің ғылыми стратегияларға негізделгендігіне бүгінгі дәстүрлі шара дәлел бола алады. Оның барысында «Планета және пластик» адамзат экомәдениеті» тақырыбында жер шарының тазалығы мен жасыл-желекті болашағына қатысты жаһандық мәселелер қозғалды.
Негізгі тақырыптың өзектілігі аты аңызға айналған National Geographic фотографы Мэнди Баркердің мұхиттардың пластик қалдықтарымен ластануының фотомониторингімен танымал болған деректі хроникасымен расталды.
Жас ғалымдар ZOOM плафтормасы мен Youtube каналында кездесіп, дәстүрлі байқаудың орнына тақырыптық вебинарлар мен тренингтер әзірленді. Ал экоботтарды құрастыру бойынша PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Ә.Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтының, Сәтбаев Университетінің робототехника және автоматиканың техникалық құралдары кафедрасының ғылыми қызметкері, мехатроника, бағдарламалау және машинажасау саласындағы сарапшы Азамат Ешмұхаметовтың жетекшілігімен өткен командалық жұмыс бағдарламаның басты шарасына айналды.
Спикерлердің көпшілігі күн сайын пластикалық қалдықтар мен планетаны сақтаудың практикалық мәселелерімен айналысатын отандық экологиялық құрылымдарды ұсынды.
Ал кездесудің басты тұстары еш өзгеріссіз қалды. Зерттеу жүргізуге құштарлық, жас ғалымдардың батылдығы, тамаша теориялық дайындық, жаңа жобаларға шабыт беретін командалық рух – барлығы сол қалпында сақталған. Дәл осы наурыз кездесулерінің сабақтарын Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданынан Мирас Бұзақанов пен Павлодар облысының Май ауданынан Анель Жұмағазинова айрықша атап өтті.
Наурыз кездесулерінің әрбір қатысушысы Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры, National Laboratory Astana, Biosensors and Boinstruments Laboratory басшысы Даниэль Тозидің электрондық мекен-жайымен танысты. Стэнфорд университетінің зерттеуіне сәйкес, Даниэль Този NU сегіз профессорының қатарында әлемдегі ең ықпалды ғалымдардың тізіміне енеді.
Профессор Този Наурыз кездесулерінде пластикалық оптикалық-талшықты датчиктердің тарихына, олардың химияда, медицинада және басқа салаларда қолданылуына талдау жүргізіп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, ал қосымша сұрақтар үшін электрондық поштасын қалдырды.
Open Mind Technologies IT компаниясының басшысы, Rocket Plastic негізін қалаушы Данияр Бакимов NIS оқушыларын өз командасына шақырды. Rocket Plastic тұрақты даму концепциясы шеңберінде 2018 жылы құрылған. Оның айтуынша, бүгінде жер шарында пластиктің тек 10 пайызы қайта өңдеуден өтеді. Сондықтан осы мақсатта әртүрлі қалаларда шеберханалар құрыла бастаған. Олар Көкшетау, Қарағанды, Қостанай және Алматы қалаларында ашылған, ал Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да технопарк жұмыс істейді.
Даниярға бағытталған сұрақтардың көпшілігі Наурыз кездесулеріне қатысушылардың азаматтық ұстанымы мен экологиялық жауапкершілігін айқындай түседі. Пластик қалдықтарын қайда тапсыру керек? Қалай экоерікті болуға болады? Пластикті үй жағдайында қайта өңдеуге бола ма?
Наурыз кездесулерінің басты оқиғаларының бірі ретінде «Пластиктің екінші өмірі» экологиялық челленджін атауға болады, еріктілер қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша табысты жобалар жасап, іске асырды. Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1500 килограммга жуық қақпақ жинады. Осы орайда 170 мың теңгеден астам соманы зияткерлер оны кішкентай Артём Шемякиннің еміне аударды.
Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Виктор Кахно мен Валерия Кимнің айтуынша, пластиктің екінші өмірі адамзатқа да екінші өмір сыйлай алады, жануарларды құтқарып, табиғатты сақтауға көмектеседі.
Онлайн формат Наурыз кездесулері ғылым мен шабыттың мерекесіне айналды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова өскелең ұрпақ планетаны таза және жасыл қалпында келесі ұрпаққа табыстауға жауапты екендігін, сондықтан да экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу әрқашан NIS-тің стратегиялық басымдықтарының қатарында екенін атап өтті.