Әлем • 22 Наурыз, 2021

Әлем елдерінде коронавирусқа қарсы шектеулер енгізілді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияда коронавирустың жаңа жағдайлары мен ауруханалардың толып кетуіне байланысты ішінара карантин енгізді.

Әлем елдерінде коронавирусқа қарсы шектеулер енгізілді

Шұғыл жағдайларды қоспағанда үйден 10 км-ден астам қашықтықта жүруге тыйым салынады. Көптеген дүкендер жабылған, аймақ аралық қатынасқа тыйым салынған, азаматтардан тек үйден жұмыс істеуін сұралып отыр.

Германия билігі елде кем дегенде 18 сәуірге дейін қатаң карантиндік шараларды сақталуын жоспарлап отыр. Жергілікті атқарушы орган басшыларының алдыңғы кездесуі кезінде карантинді біртіндеп жеңілдету туралы шешім қабылданған болатын. Алайда Германияда коронавирустың жаңа жағдайларының күрт өсімі байқалған, дәрігерлер пандемияның үшінші толқыны туралы дабыл қағуда.

Польшада да індеттің өршуі байқалған. 21 наурызда елде COVID-19-тің 21 849 жаңа жағдайы тіркелген, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 27% -ға артық болып отыр. Польшаның Денсаулық сақтау министрлігі барлық жаңа жағдайлардың 80% -ы британдық штаммнан туындағанын айтып отыр.