Оқиға • 25 Наурыз, 2021

Музейдегі мереке

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі мереке қарсаңында Наурыз тарихы мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын танымдық жобаларды қолға алып отыр.

Музейдегі мереке

– Музей қызметкерлері 10 нау­рыздан бері Наурызға қатысты тақы­рыптық іс-шараларды ұйым­дас­тырып, алуан тақырыпты қам­титын экскурсиялар мен дәрістер, көрмелер, кездесулер өткізуде. Апта­ның басында біз мүмкіндігі шектеулі балғындарды қонаққа ша­қырып, Ұлыстың ұлы күніне бай­ланысты қызықты әңгіме өткіз­дік. Музейдің бір залына кереге құрып, ашық киіз үй сияқ­ты етіп, дастарқан жайып, ба­лаларға ұлт­тық тағамдардан дәм татырдық, – дейді музей қыз­мет­керлері.

Музейде бірнеше күннен бері «Ұлы даланың ұлы мейрамы» атты мерекелік іс-шаралар топтамасы өтіп жатыр.

– Ұжым болып өз күшімізбен ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық ойындарымызды, айтысымызды, ән шашуымызды араластырып театрландырылған көрініс дайындадық, – деді музей басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева.

Аталған ұжым биыл Тәуел­сіздіктің 30 жылдығы мен ұлы ағар­тушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған көптеген игі жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Мәселен, музейде На­урызға арналған мерекелік шаралар аясында «Ыбырай жылы» күнтізбесінің тұсауы кесілді.

 

Қостанай облысы