Аймақтар • 25 Наурыз, 2021

Наурыз боранында адасқандар құтқарылды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мерекесі күндері Ақтөбе облыстық ТЖД кезекшілік бөліміне трактормен  жылқыларын іздеуге шыққан Қобда ауданының 3 тұрғынының адасып кеткені жөнінде хабарлама түсті. Дереужеке құрамнан 3 адам және бірнеше арнаулы техника іздестіру-құтқару жұмыстарынажұмылдырылып, олар екі сағаттан соңадасқандарды Шөлқара елді мекеніне жақын жерден тапты. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады деп хабарлайды Еgemen.kz.

Наурыз боранында адасқандар құтқарылды

Бұдан басқа мереке күндері автокөлік жолдарында қар құрсауынан шыға алмай, не болмаса көліктері бұзылып айдалада тұрып қалған көптеген азаматтарға көмек көрсетілді.Төтенше жағдайлар департаментінің  құтқарушыларыкөліктері бұзылып, елсізде қалып қойған тағы да  төрт адамды құтқарды, оның біреуі  жас бала.

Ақтөбе облысының ТЖД боран соғып, жолдардың көктайғақ болуына байланысты тұрғындарға жолға шыққанда абай болудыескертеді. Соның ішінде  автокөлік жолдарында жылдамдықты асырмау, адамдардың түн мезгілінде жолға шықпауын сұрайды. Ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болу жөніндегі ескертулергеқарамастан, алыс жолға шығатындар қатары азаймай тұр. Ақтөбе облысында алдағы күндері боран соғып, тағы да көктайғақ болады деген хабарлама түсіп жатыр.