Көптеген автомобиль өндірушілер чиптердің жетіспеуіне байланысты өндіріс орындарын жабуға мәжбүр болды. Ендігі кезек "ақылды смартфондарға" келді. Мәселен Xiaomi смартфондары чиптердің жетіспеушілігіне байланысты қымбаттауы мүмкін.
Xiaomi президенті бөлшектердің жетіспеушілігі компанияның шығындарын арттыратынын мәлімдеді. Демек, бұрын қолжетімді болған қытайлық гаджеттердің бағасы көтеріледі.
Айта кетейік, чиптердің жетіспеушілігі Apple, Huawei, Samsung, Sony, Microsoft сынды смартфон шығаратын алпауыт компанияларға да кесірін тигізіп жатыр.