Жас ұрпақтың бойында мейірімділік, құрмет, мораль, толеранттылық, жауапкершілік сынды қасиеттерді тәрбиелеп, жалпы адамдық және отбасылық құндылықтарды дарыту арқылы отбасындағы мінез-құлық мәдениетін, қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас ұстанымдарын дамытуға бағытталған байқауға 7-18 жас аралығындағы алматылықтар қатысты.
«Бейбіт әлемінің балалары бейбітшілікті бейнелейді» байқауына Алматы қаласы бойынша 60 шақты білім беру мекемесінен 266 шәкірт өз жұмысын ұсынды. Оның ішінде мамандандырылған мектептер мен бейнелеу өнері студиялары да бар. Шарт бойынша әр қатысушы тек бір суреттен өткізіп, олар отбасылық құндылықтарды және ұрпақтар сабақтастығын; салауатты отбасын құруды, балаларды туу мен тәрбиелеуді насихаттау; құрбылар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне назар аудару; балалардың назарын қоршаған ортаны және жан-жануарлар әлемін қорғау мәселеріне аудару, туған жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру тақырыптарын қамтуы тиіс болатын.
Әділқазылар алқасының құрамында «Bambonya» балалар шығармашылық даму орталығының атқарушы директоры Е.Курманбекова-Лакота, «Дағдарыс Орталықтарының Одағы» ЗТБ атқарушы директоры А.Медеуова, ҚазБСҚА жанындағы лицейінің мұғалімі Г.Баясилова, суретші, дизайнер А.Милованова, тележүргізуші, «Zerde» арт терапиясының авторы М.Сапарбаев, тағы басқалар бар.
Байқау нәтижесі бойынша 3 жүлделі орын тағайындалып, 11 аталым анықталды. Олардың қатарында «Кәсіби және эстетикалық қабылдау үшін» аталымы Вероника Серебрянникованың «Біздің достық әлеміміз» суретіне берілді (17 жаста, жетекшісі: Попова Т.О.). «Авторлық идеяның өзіндік ерекшелігі үшін» аталымында Рыжова Милананың «Мейірімділік әлемді құтқарады» суреті үздік деп танылды (12 жаста, жетекшісі: Кенжебике Шалғымбайқызы). «Эмоционалдылық үшін» аталымы Васильева Маргаританың «Көптен күткен күн» суретіне (11 жас), «Идеяның креативлігі үшін» аталымы Белецкая Софьяның «Әлемді сақтайық» суретіне (11 жаста, жетекшісі: Лада Гайнович), «Орындау ұтқырлығы мен шеберлігі үшін» аталымы Нұрғалым Алуаның «Есіңде ме?» суретіне (13 жаста), «Тұжырымдаманың ерекшелігі және көркемдік мәнерлілігі үшін» аталымы Агата Третьяковтың «Отбасы құндылықтары» суретіне (14 жаста), «Қызықты графикалық техника үшін» аталымы Дени Мазиевтің «Менің қаламдағы күз» суретіне (8 жаста, жетекшісі: Бодрых И.А.), «Мазмұндық мәнерлілігі үшін» аталымы Валентина Танасевичтің «Отбасы – тірек» суретіне (12 жаста), «Бейнелігі және шығармашылық көзқарасы үшін» аталымы Тоқмурзиева Қаламқастың «Жер өмірі» суретіне (10 жаста, жетекшісі: Киянова И.В.) берілді. Ал «Түстердің ашықтығы мен қызықты техникалық шешімі үшін» аталымы Кристина Паценконың «Қас қағым сәттерді еске түсіру» суретіне (14жаста), «Шығармашылық көзқарасы және шешімнің ерекшелігі үшін» аталымы Гирдзияускас Каринаның «Барлығы махаббаттан бастау алады» суретіне берілді (14 жаста, жетекшісі: Попова Т.О). Ал 3-орынға 9жастағы Манько Ален «Әжеге деген махаббат» суреті үшін, (жетекшісі: Файзулла Анель), 2-орынды «Бақытты балалық шақ» суретімен 13 жасар Кәдірбай Дидар, ал 1-орынды 15 жастағы Анастасия Кручина «Отбасы күші» суреті үшін иеленді.
Жеңімпаздарды марапаттау кейінге шегерілген. Жеңімпаздарының сыйлықтары «Дағдарыс Орталықтарының Одағы» ЗТБ атынан үлестірілетін болады.