Білім • 05 Сәуір, 2021

«Жас маман» жобасы: Жастар үшін бірегей дағдылар мен құзыреттер

582 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз сондай-ақ кәсіптік білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға қайта бағдарлауымыз керек», деп атап өтті.

«Жас маман» жобасы: Жастар үшін бірегей дағдылар мен құзыреттер

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және олар­дың жан-жақты дамуы мен сапалы кәсіп­тік даярлығы үшін жағдай жасау. Бұл ретте студенттерді қазіргі заманғы өн­дірістегі жұ­мыс­қа ғана емес, олардан бел­сенділікті, бастамашылдықты, дербестікті, жауапкершілікті, шығар­машылық және зерттеу­шілік қатынасты талап ететін дер­бес кәсіби қызметке де дайындау қажет. Қойылған мақсат­қа қол жеткізу үшін бірінші кезекте колледждерді еңбек нарығында сұра­нысқа ие мамандарды даяр­лау үшін қазіргі заманғы жабдықтармен жарақ­тандыру қажет.

Қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет қаулысымен «Жас­тар – Ел тірегі» ұлттық жоба­сының бір бөлігі саналатын «Жас маман» жобасы қабыл­данды. Бұл жоба Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Пре­зиденті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Қазіргі уақытта біздің кол­ледж­дің «Химиялық талдау зерт­ханасы» әлемдік сапалы жаб­дықтармен жабдықталған. Бұл зерт­ханада мұнай өнімдерін тал­даудың барлық спектрін жүр­гізуге болады. Олар: мұнай және мұ­най өнім­­дерінің физикалық-химиялық көр­сеткіштерін анық­­тау, мұнай өнім­де­рінің са­па­сын бағалау, сондай-ақ жол ин­дустриясындағы ас­фальт, битум және битум­ бай­ланыс­тырғыштарын, биодизельді, биоотынды, битумды, мотор майын, отынды, реактивті және турбиналық отынды, турбиналық майларды, мастикаларды, бояуларды, еріткіштерді, лактарды зерттеу. Перс­пективада мұнай өнімдерін химия­лық талдау жөніндегі құзырет орталығы құрылатын болады.

Әлеуметтік серіктестердің ұсы­нысы бойынша электр­мен­ жабдықтау зертханасы үшін Siemens жабдықтары сатып алынды. Мұндай жабдық КЕGОС АҚ электр желілерінде қолданы­лады. Бұл студенттерді энергетика саласындағы өндірісті автоматтандыру үшін жаңа тех­нологияларға оқытуға және энергетика мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығын құруға мүмкіндік береді.

«Жас маман» жобасын іс­ке асыру қорытындысы бойынша біздің колледж еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін қажетті заманауи жабдықтармен жарақ­тандырылды, бұдан басқа өңір үшін құзыреттілік ор­талықтары жұмысын бастады.

Ақтөбе жоғары политехни­калық колледжінде мамандар даярлау еңбек нарығында сұра­нысқа ие құзыреттерді қалып­тастыруға бағытталғанын нық сеніммен айтуға болады.

 

Нұржан БЕКМҰРАТ,

«Жарық» ЖШС бас директоры,

Асылхан КУЛЖАНОВ,

Құзыреттілікті бағалау орталығының жетекшісі