Кезекті шағын хакерлер форумдарының бірінде қатысушылардың бірі әлеуметтік желі қолданушылары жайлы құпия ақпаратты интернетте жариялаған. Ашық деректерге 106 елден 533 миллионнан астам адамның мәліметі тараған. Олардың ішінде АҚШ-тан 32 миллион, Ұлыбританиядан 11 миллион, Үндістаннан 6 миллион қолданушы жайлы ақпарат бар. Онда әлеуметтік желіге тіркелген азаматтардың телефон нөмірлері, Facebook идентификаторлары, толық аты-жөні, тұрып жатқан жері, туған күні, өмірбаяны және кейбір жағдайларда электронды пошта мекенжайлары бар.
Insider интернетте тараған деректердің үлгісін қарап шығып, Facebook-тің кейбір пайдаланушыларының телефон нөмірлерін деректер жинағында көрсетілген идентификаторлармен сәйкестендіру арқылы бірнеше жазбаны тексеріп көрген.
Facebook өкілі басылымға деректердің ұрлануына компанияның 2019 жылы енгізген түзетулерінің әлсіздігі себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Интернетте кез келген адамға қолжетімді бұл ақпарат киберқылмыскерлердің қолына түссе, қолданушыларды алдап соғуы әбден мүмкін.