ANTIKOR • 06 Сәуір, 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құқығы берілді

1002 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хаттама толтыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құқығы берілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтты.

 «Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша құзіретін бекітетін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер қолданысқа енгізілді» деді О.Бектенов.

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15-бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілгенін атап өтті.

Олардың ішінде Кодекстің алты сыбайлас жемқорлық бабы (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы екі құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты жеті құқық бұзушылық (ӘҚБтК-нің 658-662, 665, 667-баптары) бар.

О.Бектеновтің сөзінше, Агенттікте қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті барлық құралдар бар.