Руханият • 08 Сәуір, 2021

Таңыбай батыр – тұғырда

30 рет көрсетілді

Мойынты кенті – Шет ауданында орын тепкен ірі темір жол стансасы. Алматы және Балқаш бағытынан тартылған болат жол осы елді мекенге келгенде түйіседі. Қазіргі уақытта бұл ауылда екі мыңнан астам адам мекен етеді.

Таяуда осы кентте Та­ңы­бай Бекназарұлына қоладан құ­йылған алып мүсін орнатыл­ды. Бұл игілікті жобаны батыр­дың ұр­пақтары қор құрып, қа­ражат жи­ып, өздері жүзеге асыр­ған екен.

Салтанатты іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеген Шет ауданының әкімі Мұхит Мұх­­таров ескерткіштің Мо­йын­ты кентінде орнатылуы те­гін еместігін атап өтті. Өйт­кені Таңыбай батыр осы өлкені ме­кен еткен. Қазіргі уақытта батыр­дың өсіп-өнген ұрпақтары Мо­йынты-Киікті өңірінде көптеп тұрады.

Кейбір тарихи деректер бо­йын­ша, Таңыбай Бекназарұлы 1670 жылы дүниеге келіп, 1755 жы­­лы қайтыс болыпты. Да­ланың ауызша тарихы «Ақ­табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманындағы қалмақ-жоңғар шапқыншылығында Ер Таңыбайдың Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Тарақты Наймантай, Сарым Дербісәлі, Керней Жарылғап, Тарақты Байғозы сынды батырлармен тізе қосып, ел мен жерді ата жаудан қорғағанын айтады.

Таңыбай батыр қартайып барып, 85 жасында дүние салған. Оның сүйегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылған деген дерек бар.

Таңыбай батыр ұрпақтары ара­сында елге танымал тұлғалар жеткілікті. Мысалы, заманында Құнанбаймен аға сұлтандыққа таласқан Көпбай болыс, Арқада өз алдына шертпе күй мектебін құрған Қыздарбек Төребайұлы, оның шәкірттері Әбди, Мақаш, Сембек күйшілер, сондай-ақ атақты Әбікен Хасенов осы атадан тарайды.

Тағылымды іс-шара барысында осы ауылдың тумалары Досым Сарғасқаев пен Роза Сү­лейменова музыкасы мен сө­зін жазған «Мойынты вальсі» әнінің тұсауы кесілді.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы

Соңғы жаңалықтар

Ветеринарлар қартайып барады

Қазақстан • Бүгін, 12:10

Көз тоймайтын коттедж қалашығы

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Тілеулі батырдың қанжары

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұқымбақтағы тындырымды іс

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар