Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиялық бақылау комитетінен хабарлағандай, бір тәулікте елге 5287 жолаушы ұшып келген. Оның 5259-ында індетке ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 28 адамның ПТР-анықтамасы жоқ.
Атап айтқанда, Алматы қаласының әуежайына ұшып келді – 18 рейс, 2 934 жолаушы, анықтамамен - 2924, анықтамасыз - 10;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 831 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 13;
Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, 737 жолаушы анықтамамен келген; -
Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 361 жолаушы, анықтамамен - 359, анықтамасыз - 2;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 147 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы, анықтамамен - 145, анықтамасыз - 3.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр», деді комитеттен.
Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, 9 сәуірде шетелден анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 16 азаматының ПТР-талдау нәтижелері дайын болған жолаушылардың ешқайсысында коронавирус анықталған жоқ.