Жанып жатқан жолаушылар көлігінің видеосын оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге жүктеп жатыр.
«Троллейбус жүргізушісі М.Н. Мұсабаев нұсқауларға сәйкес әрекет етті. Ол жедел түрде жолаушыларды түсіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Содан кейін, өрт сөндіргішпен отты сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, троллейбус техникалық жағынан жарамды», деп атап өтті компания өкілі.