Аймақтар • 13 Сәуір, 2021

Шымкентте соңғы бір тәулікте 5 мыңнан аса адамға ковидке қарсы вакцина салынды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында соңғы бір тәулікте 5105 адамға коронавируске қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың басым бөлігі негізгі санаттан тыс қала тұрғындары. 

Шымкентте соңғы бір тәулікте 5 мыңнан аса адамға ковидке қарсы вакцина салынды
Медицина мамандарының сөзінше, қазірде  қарапайым адамдар арасында екпе алғандардың саны көп.  Әсіресе емханаларда  жасы егде адамдар бірінен соң бірі келіп, екпе салдыруда. 
Қазір қалада 38 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бұған қоса арнайы мекемелерде жылжымалы егу пуктерінің жұмысы ұйымдастырылып, медицина мамандары ерікті түрде азаматтарға вакцина салуда.  
Айта кетейік, бүгінге дейін қалада 21 748 азаматқа коронавируске қарсы вакцина салынды. Емханалардағы екпе егу пунктерінің жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-ге дейін ұзартылып, демалыс күндері де өз еркімен келісім берген азаматтарға вакцинация жүргізілуде.