Жиынға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Лима Диас, Street Law Kazakhstan білім беру жобасының ұлттық үйлестірушісі Халида Әжіғұлова, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Андрей Чеботарев және азаматтық қоғам өкілдері қатарынан басқа да сарапшылар қатысты.
«Азаматтық қоғамды дамы-
туға сектораралық өзара іс-қимылдың, оның ішінде ғылым мен білімнің барлық өкілдері қатысуы тиіс. Ғылыми қоғамдастық сараптамалық қолдаумен шектелмеуі тиіс, оның әлеуеті үкіметтік емес ұйымдардың біліктілігін арттыру үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға және басқа да бастамалар мен жобаларға қатысуға мүмкіндік береді», деп атап өтті орталық басшысы Л.Диас.
Ғылым өкілдері зерттеулер жүргізу ісіне үкіметтік емес ұйымдарды да тарту қажеттігін атап өтті. «Халықаралық тәжірибені зерделей отырып, ҮЕҰ мемлекеттік саясатты, оның ішінде заңнаманы қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын көріп отырмыз. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуының арқасында қоғамның осал топтарының қажеттіліктерін көбірек ескеретін заңдардың сапасы өзгеруі мүмкін», деп атап өтті Street Law Kazakhstan білім беру жобасының ұлттық үйлестірушісі Халида Әжіғұлова.
Жақын арада Мәжілісте азаматтық қоғам тарапынан мемлекетке қатысты бақылауды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасы қаралады.
«Ол үшін тиісті зерттеу және талдау құралдары болуы керек. Өйткені қоғамдық бақылау тетігі іске қосылған кезде ҮЕҰ-ның зерттеу қызметінің маңызы артады», деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Андрей Чеботарев.
Іс-шара барысында қатысушылар бірнеше мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Соның ішінде ғылыми зерттеулерге қолжетімділікті жеңілдету, зерттеулер жүргізуге бюджетті ұлғайту, кейбір мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру бағыттары бар.