Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

Бүгін бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы эпидемиялық ахуал бойынша «сары» аймақтан шығып, «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Бүгін өңірлердегі індеттің бет аласына қарай «қызыл» аймақта жеті өңір тұр. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары бар.

Ал «сары» аймаққа Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары өтті.

Бүгін «жасыл» аймақта Шығыс Қазақстан, Түркістан облысы және Қостанай облысы қосылды.

 

Гаухар ҚАПАШ