Қазақстан • 14 Сәуір, 2021

Шетелден ПТР-анықтамасыз келетіндер азайды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда теріс ПТР-тест туралы анықтамасыз республикаға келетін адамдар саны азаюда. Алайда, шараларды күшейту шеңберінде бас мемлекеттік дәрігер Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы қаулыға толықтырулар енгізді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелден ПТР-анықтамасыз келетіндер азайды

«Мемлекеттік шекарадағы шараларды күшейту мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулыға ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізді»,  деді М.Шоранов.

Жалпы, Қазақстанға шетелден COVID-19 анықтамасыз келетін адамдар саны кемігені байқалады. 13 сәуірде анықтамасыз 251 адам келген, оның ішінде екеуінде COVID-19 тестінің оң нәтижесі анықталды. Наурыз айының сәйкес мерзімінде анықтамасыз келген 4 975 адам тіркелген, 16 – талдау нәтижесі оң болған.