Жобаны ұйымдастырушылар қыз-келіншектерге психологиялық және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тастанды балалар санын азайтуды көздейді. Орталыққа хабарласқандардың аты-жөні жарияланбайды. Мұндай байланыс орталығы былтыр Еңбекшіқазақ ауданындағы ауруханада ашылған еді.
- Ауруханамыз осы жобаны қолдайды. Сәбилер далада қалмасын деп, жақсы ем қабылдасын деп ұйымдастырылып жатыр. Көшеде тастанды болғаннан біздің қолымызға түссе, өмірін сақтап қалуға тырысамыз, - деді ана мен бала орталығы бас дәрігерінің орынбасары Рифат Әбіров.