Тағайындау • 21 Сәуір, 2021

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

2069 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

«Ауыл шаруашылығы өндірісінің процесстер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген.

«Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген.

1968 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Достық» кеңшарының спорт жөніндегі әдіскері.

1969 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылығы институтының студенті.

1974 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Ленин» кеңшарының инженер-механигі.

1977 жылдың желтоқсанынан - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жұмысшылар комитетінің төрағасы (Алматы облысы Қаскелең ауданының «1 май» ауылы).

1979 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Компартиясы Қаскелең аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.

1979 жылдың тамызынан - «Ленин» кеңшарының партком хатшысы.

1982 жылдың наурызынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.

1983 жылдың мамырынан - «Ленин» кеңшарының директоры.

1985 жылдың тамызынан Алматы облысы Қаскелең аудандық атқару комитетінің төрағасы.

1986 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1988 жылдың қаңтарынан - Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары-облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы.

1988 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.

1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары.

1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы.

1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1996 жылдан - ҚР мемлекеттік хатшысы.

1996 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы.

1998 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001 жылдан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.

2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі.

2004 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.

2008 жылдан бері - Алматы қаласының әкімі.

2015 жылдың 9 тамызынан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы.

2017 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы болды.