Бұл құжаттарда беру, қайтару, көмек көрсету немесе бас тарту жағдайлары егжей-тегжейлі жазылған. Сенаторлар құқықтық көмек туралы мұндай келісімдер шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау үшін маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін қабылданған заңдар Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы құқық қорғау саласындағы ынтымықтастықты дамытуға бағытталған. Олар қылмыскерлерді жауапкершілікке тартудың әртүрлі кезеңдерін қамтиды және қылмыспен күресті күшейту үшін мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастырады. Соған сәйкес, қылмыстарды тергеу процесінде жан-жақты көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстау және оларды экстрадициялау, сотталған адамдарды беру сияқты өзара іс-әрекеттер қарастырылған. Бұл заңның үстемдігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, азаматтарымыздың құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Мәулен Әшімбаев.
Қазақстанның құқық қорғау қызметтерінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда екі ел арасында іздеуде жүрген азаматтар жоқ. Осы ретте еліміз бүгінге дейін 30-ға жуық мемлекетпен осындай шарт жасасқанын айта кеткен жөн. Ал қазіргі таңда шет елдерде 922 қазақстандық жазасын өтеп жатыр.