Бокс • 22 Сәуір, 2021

Бүгін бокстан әлем біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Польшада өткен жатқан әлем біріншілігінің финалдық сайысында Қазақстанның қос аруы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін бокстан әлем біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді

Финалда біздің қыздар Үндістанның өкілдерімен қолғап түйістірді. Атап айтсақ, 60 кило салмақ дәрежесіндегі Жұлдыз Шаяхметова Винкамен, ал 75 кило салмақтағы Дана Дидай Санама Чану Токчоммен қолғап түйістіреді. Ал жартылай финалдық межеде сүрінген Жасмин Қизатова (69 кило), Әсел Сағатова (81 кило) және Елдана Тәліпова (+91 кило) сынды бұрымдыларымыз қола медальді қанағат тұтты.  

Финалға ең көп жолдама алған команда Үндістан құрамасы. Үнді елінің жеті сұлуы бас жүлде үшін таласады. Ресейдің үш спортшысы дәл сондай құрметке ие болып отыр. Қазақстаннан бөлек, Польша мен Өзбекстанның да екі боксшысы ақтық сында айқасады. Сондай-ақ, Түркия, Молдова, Франция және Украинадан бір-бір боксшы осы межеге дейін жетті.