Бөлімге келгеннен кейін әскерге алынғандар қайта егжей-тегжейлі медициналық тексеруден, сондай-ақ психологиялық тестілеуден өтті.
Жас жауынгерлерді тестілеу кезінде бөлім командирлері білім деңгейі, мамандығының болуы, сондай-ақ әрбір әскери адамның моральдық-адамгершілік ұстанымдары туралы ақпарат берді.
«Қазір әскери қызметшілер бір айға созылатын жас жауынгер курсынан өтіп жатыр. Жалпы әскери дайындық негіздерін зерделеп, қызметке байланысты күнделікті жағдайларда іс-қимыл алгоритмін талдауда. Олармен теориялық және практикалық сабақтарды неғұрлым даярланған офицерлер мен сержанттардың арасынан іріктелген кәсіби нұсқаушылар жүргізеді. Жаңадан келген жауынгерлермен бастапқы оқу пәндері бойынша сабақтар, практикалық оқ атулар өткізіледі», деп атап өтті әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Нұрәлин.
Алғашқы әскери дайындық кезінде әскери қызметшілер жеке құрамнан оқшауланды.
Жас сарбаздар жиынының әкімшілік құрамы санитарлы-гигиеналық шаралардың қатаң сақталуына ерекше мән берді. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін әскерге шақырылушылардың жиын пунктерінде медициналық бекеттер дәрігерлерінің жіті бақылауында болып, жөнелту алдында экспресс-әдіспен тест тапсырған еді. Әскери бөлімдерге келген соң екінші рет тексеруден өтіп, міндетті түрде ПТР әдісімен лабораториялық зерттеу жүргізілді. Ондағы басты мақсат – жұқпалы індеттің әскери ортада таралып кетуіне жол бермеу. Әскери борышын өтеуге келгендер жас жауынгерлердің бір айлық жиынына қатысып, ол аяқталған соң әскери ант қабылдайды.
Жас сарбаздарға ҚР қылмыстық кодексінің 18 тарауы әскери қылмыстық-құқық бұзушылықтардың талаптарын жеткізу, жарғыдан тыс өзара қарым-қатынасы, әскери жарғылық қарым-қатынас, әскери бөлімді өз еркімен тастап кету, командирлердің талаптарын орындау туралы Ақтау гарнизонының Әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицері әділет капитаны Мұнал Ерназаров ақпарат берді.