Аймақтар • 24 Сәуір, 2021

Ұлы Отан соғысында пайдаланылған тапанша

656 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ШҚО тұрғыны полицияға Ұлы Отан соғысы кезінде пайдаланылған тапаншаны тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлы Отан соғысында пайдаланылған тапанша

Алтай ауданының полиция бөліміне 63 жастағы зейнеткер акция аясында магазинінде үш патроны бар кобурасымен қоса ойық қысқа ұңғылы тапаншаны тапсырған.

Сот-баллистикалық сараптама нәтижесі бойынша бұл қару 1900 жылы дайындалғаны анықталды. 7,65 мм калибрлі, зауыттық нөмірі «166710», яғни «Браунинг» жүйесіне жататын ойық атыс қаруы және өздігінен оқталатын тапанша. Зауыттық әдіспен жасалған қару ату үшін жарамды.

7

Айта кетейік, қару Ұлы Отан соғысы кезінде АҚШ пен Бельгия армиясының қолында болған.

Аудан тұрғыны қару-жарақты ҰОС қатысушысы болған атасының жертөлесінен тапқанын айтқан. Оқ-дәрілері бар атыс қаруы ШҚО Полиция департаментінің мұражайына тарихи құндылық ретінде сақталады.

- Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы ер адамға қару үшін 120 000 теңгеден астам қаражат төлейді. Осылайша, үш күн ішінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясын өткізу барысында облыс бойынша халықтан 7 млн.теңгеге 110 бірлік қару (ойық – 15 және тегіс ұңғылы - 95) қабылданды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап ШҚО аумағында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтуде. Аймақтың кез-келген ересек тұрғыны оқ-дәрілерді немесе қару-жарақтарды тапсырып, сол үшін ақшалай сыйақы ала алады.

Сонымен қатар, тіркелмеген қаруды полиция бөліміне әкелген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында бұл акция санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өтіп жатыр.