Қоғам • 29 Сәуір, 2021

Президент бақылауындағы оқиға: 4 оқушыны қаққан мас жүргізушіге қандай жаза беріледі?

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында балаларды көлік қағып кету оқиғасы бойынша ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Президент бақылауындағы оқиға: 4 оқушыны қаққан мас жүргізушіге қандай жаза беріледі?

«Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», делінген хабарламада.

Автокөлік құралының жүргізушісі қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталды. 28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз сағат 18:40-та «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі, Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны мас күйде (орташа дәреже) көлігімен жолдың шетінде тұрған екі 8 жасар және екі 9 жасар оқушы қызды қағып кетті.

Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. 14 наурыз күні оқушының бірі есін жимастан көз жұмды. Бұл оқиғаға қатысты тергеуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алған еді.