Медицина • 29 Сәуір, 2021

Азаматтығы жоқ адамдар қашан вакцина алады?

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Қазақстан резидентіне жатпайтын тұлғалардың ішінде кімдердің вакцина алуға құқығы бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтығы жоқ адамдар қашан вакцина алады?

«Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдардың ішінде тек аккредиттелген тұлғалар ғана вакцина ала алады. Яғни, дипломатиялық корпус қызметкерлері ғана. Қалған резидент емес тұлғалар туралы мәселе ведомтвоаралық комиссияда қаралды. Резидент еместердің жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, екпе төлқұжатын жасау қиын. Мәселе шешіліп жатыр. Жуық арада нақты шешім шығады деп ойлаймын», деді басқарма басшысы әкімдікте өткен дөңгелек үстелде.