ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 30 сәуір күні сағат 13:30 шамасында құтқарушыларға Ертіс өзенінде әйел адамның суға ағып бара жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.
«Үш қайыққа мінген жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу оқиға орынна жетіп, әйел адамның денесін алып шықты. 10 адамнан тұратын жеке құрам жағалауға тексеріс жүргізген. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына патрульдік полицейлер араласты. Көп уақыт өтпей әйел адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оның жеке-басы анықталып жатыр», деп хабарлады төтенше жағдай өкілдері.
Департамент өкілдері Өскемен қаласының тұрғындарына су жағасында барынша абай болу керектігін ескертеді.