Білім • 03 Мамыр, 2021

Батыс Қазақстанда бес мектеп карантинге жабылды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында бес мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда бес мектеп карантинге жабылды

Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, оқу жылы басталғалы бері COVID-19 жұқтырған 922 оқушы анықталған, оның 480-і мектепте, 442-сі қашықтан оқыған. 

Төртінші тоқсанда 1 сәуірден бастап оқушылар арасында 293 коронавирус жағдайы тіркелген. Оның 138-і мектеп барып оқитын оқушыдан, 155-і қашықтан оқып жатқан оқушылардан анықталған. 

«Бүгінде қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларымен балалар, оқушылар мен мұғалімдер арасында КВИ жағдайларының тіркелуіне байланысты алты мектеп, 40 мектепте 69 сынып, 7 ДДУ-да 7 топ, ЖОО-да бір топ, екі ООО-да екі топ карантинге жабылды», деп хабарлады Нұрлыбек Мұстаев.

Айта кетейік, 3 мамырдағы мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта.