3 мамырда сағат 18:44-те Өскеменде Ертіс өзенінде серуендеу кезінде моторлы қайық аударылып қалды. Судан 4 ер адам шықты. Олар өз бетінше жағаға жете алмағандықтан құтқарушылар шақырылды. Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен ер адамдарды жағаға жеткізіп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді «Апаттар медицинасы» орталығының мамандарына тапсырады. Артынша құтқарушылар қайық иесіне қайықты жағаға шығаруға көмек көрсетті. Құтқарылғандар өздері тұратын Прапорщиково ауылына жүзіп кетті.
ШҚО ТЖД су қоймаларында барлық ережелерді ұстану қажеттігін еске салады.
«Кез келген суда жүзу құралында құтқару күртешесі болуы керек. Өзенге түсер алдында алдын ала жүзетін жолыңызды белгілеп алыңыз. Қайыққа көп адам отырғызбаңыз. Ешқандай жағдайда спирттік ішімдіктер ішпеңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз», делінген хабарламада.