Экономика • 05 Мамыр, 2021

Жүк тасымалдаудың бесжылдық жоспары

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қазақстан мен ҚХР арасында экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдаудың бесжылдық жоспарын әзірледі. Бұл құжат тасымалдаудың нақты көрінісін көрсетеді және жүк айна­лымының жыл сайынғы өсуін болжайды. Тасымалдау жоспары қазақстандық-қытайлық аралас комиссиясының отырысында талқыланып, келісіледі деп күтілуде.

Жүк тасымалдаудың бесжылдық жоспары

«Бесжылдық құжат негізінде Достық – Алашаңқай темір жол учаскесін инфрақұрылымдық дамыту бойынша техникалық жоспар қалып­тас­ты­ры­латын болады. Бұл оның өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруға, жүк пойыздарын ауыстыру процесін жеделдетуге және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді», деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай тарапы сондай-ақ халықаралық қазақстандық-қытайлық темір жол шекара өткелінің жол учаскесіне ауқымды жаңғырту жүргізуді жоспарлап отыр.